National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэмен кездесті

Қазақстан мен Франция 26 жыл ішінде дипломатиялық қарым-қатынастарды дамытып, ынтымақтастықтың берік архитектурасын қалыптастырды. Биыл елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестікке 10 жыл толды.

Г.Әбдіқалықова білім саласында мемлекеттеріміздің өзара ықпалдастығы кеңейіп келе жатқанына тоқталып, Мемлекет басшысының бастамасымен 2014 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанынан «Сорбонна-Қазақстан» институты ашылғанын атап өтті. Биылғы оқу жылында Францияның Қазақстандағы елшілігі Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі мен Францияның Еуропа және сыртқы істер министрлігі арасындағы келісім аясында Францияның жоғары оқу орындарында білім алуға үміткерлерді іріктеу бойынша жұмыс жүргізді. Қазіргі уақытта «Абай-Верн» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан 66 азаматымызға (57 магистрант және 9 докторант) Қазақстан тарапынан стипендия бөлу қарастырылған.

Әңгімелесу барысында білім беру саласында басталған бастамаларды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Кездесу соңында Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова Қазақстан-Франция ынтымақтастығын одан әрі нығайту ісінде Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ф.Мартинэге мол табыс тіледі. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару