National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Польша Республикасы Парламенті Сенатының вице-спикері Мария Коц бастаған делегациямен кездесті

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Польша қарым-қатынастарының қазіргі ахуалын, сондай-ақ саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Мемлекеттік хатшы еліміздің қоғамдық-саяси және экономикалық дамуына 32 мың адамды қамтитын поляк диаспорасы өз үлесін қосып отырғанын айтты.

Гүлшара Әбдіқалықова Польша тарапына «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысқаны үшін ризашылық білдіріп, осы елдің баламалы энергетика саласындағы жетістіктерінің маңыздылығын атап өтті.     

Кездесу соңында Мемлекеттік хатшы Польшаның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2018-2019 жылдар аралығындағы тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтады.

***

Польша Республикасы Парламенті Сенатының вице-спикері Қазақстанға «ЭКСПО-2017» көрмесі аясындағы поляк диаспорасы күніне қатысу үшін келді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы