National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова еліміздің көрнекті қаламгерлерімен кездесті

 

Кездесуге белгілі жазушылар, мәдениет қайраткерлері – Ә.Тарази, Ә.Сарай, С.Досанов, Д.Исабеков, Н.Оразалин қатысты.

Кездесу барысында отандық мәдениет, әдебиет, өнер және кітап шығару ісінің өзекті мәселелері, сондай-ақ мәдени-рухани ахуал, оның даму келешегі талқыланды.

Г.Әбдіқалықова Мемлекет басшысының «Бес халықтық реформаны жүзеге асыру ісінде жалпыұлттық құндылықтарды нығайтудың жетекші күші ретінде зиялылардың атқаратын рөлі зор» деген сөзіне тоқталып өтті.   

Сондай-ақ ол жаңа технологиялардың, инновациялық дамудың жоғары деңгейімен ерекшеленетін жаһандану үдерісіне Қазақстан белсенді түрде қатысушының бірі отырғанын атап өтті. Сондықтан ұлттық ментальдікті, мәдениет пен дәстүрді сақтап қалу аса маңызды мәселенің бірі болмақ. Бұл ретте қоғамның рухани-мәдени даму деңгейін айқындайтын отандық әдебиеттің алар орны айрықша.

Кездесуге қатысушылар Қазақстан Жазушылар одағының ұлтты жан-жақты жаңғырту ісін жүзеге асыруда маңызды рөл атқаратынын ерекше атап өтті.

Шығармашылық зиялы қауым өкілдері отандық әдебиетті кеңінен таныту, көркемдігі жоғары шығармалар жазып, оларды бастыру, жалпы қазақстандықтарды мәдениет пен өнер ордаларына кеңінен тарту жұмыстарын күшейту қажет деген ортақ пікірге келді.

Кездесу соңында Мемлекеттік хатшы тиісті мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару