National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Ведомстволық және оған теңестірілген өзге де наградалар жөніндегі геральдикалық комиссияның отырысы өтті

 

Жиында «Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оған теңестірілген өзге де наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі №155 Жарлығының орындалуы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының қаржы және энергетика министрліктері қызметі саласындағы ведомстволық наградалардың атауларына өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстары туралы мәселелер қаралды.

Комиссия мүшелері алдында Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қ.Уәлиев, қаржы вице-министрі А.Теңгебаев және энергетика вице-министрі М.Мырзағалиев баяндама жасады.

Талқылау қорытындысы бойынша комиссияның ұсынымдары әзірленіп,  уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырмалар берілді.

Геральдикалық комиссия – мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының геральдикалық сипаттамасын және осы сала бойынша заңнамаларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарайтын ҚР Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган.   


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару