National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия отырысы өтті

Басқосуда 2018 жылғы Мемлекеттік сыйлықты алу үшін келіп түскен жұмыстар, сондай-ақ олардың тіркелуі, қаралуы, қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы ақпарат тыңдалды.

Комиссия отырысын ашқан Гүлшара Әбдіқалықова Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет» деген сөзіне назар аударды.

– Сыйлық отандық мәдениеттің дамуына қосылған құнды үлес болып саналатын әдебиет пен өнер саласындағы аса үздік шығармалар үшін беріледі, – деді Мемлекеттік хатшы.

Комиссия қарауына келіп түскен жұмыстар 3 секция – әдебиет; музыка, театр және кино; бейнелеу өнері және сәулет секциялары бойынша сараланды. Секцияларда жалғасқан жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша байқаудың ақтық кезеңіне жіберілетін шығармалар іріктелді. Комиссияның ортақ шешімі бойынша келесі кезеңге өткен үміткерлер тізімі бекітілді.

Қазақстан Республикасының Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ережеге сәйкес, авторлар мен жұмыстар жөніндегі ақпарат қоғамда кеңінен талқылану үшін «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланатын болады.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару