National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті

 

Г.Әбдіқалықова Мемлекет басшысы таяуда жарияланған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің қазіргі замандағы жаһандық сын-қатерлер жағдайында одан әрі экономикалық өрлеуінің басым бағыттарын айқындап бергенін атап өтті.

Мемлекеттік хатшы Ұлттық комиссияның 2015 жылғы жұмысы Жолдаудың негізгі бағыттары аясында жүргізілетінін атап көрсетті. Мәселен, Ұлттық комиссияның алдында жаңа экономикалық саясатты іске асыру аясындағы барлық инфрақұрылымдық жобаларға әйелдерді барынша тарту жөніндегі маңызды міндет тұр. Бұл ең алдымен әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға, сондай-ақ әйелдердің елдің әлеуметтік жаңғыруына жан-жақты атсалысуына қатысты болмақ.

Г.Әбдіқалықова әйелдердің аталған салаларға белсене араласуы елдегі экономикалық ахуалды одан әрі жақсартуға ықпал ететіне сенім білдірді.

Сондай-ақ, Ұлттық комиссия Отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту жөніндегі 2015-2020 жылдарға арналған жалпыұлттық жоспарды іске асыру жұмысының негізгі үйлестірушісі болады. Бұл бағыттағы жұмыс отбасылық құндылықтарды нығайту, саламатты өмір салтын қалыптастыру, жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру секілді үш негізгі мәселелер топтамасынан тұратын болады.

Ұлттық комиссия отырысы жаңа құрамда өтті. Комиссияның жаңа мүшелері қатарында – заң шығарушы билік тармағының өкілдері, мәдениет қайраткерлері, азаматтық қоғамның, «Экспо-2017» ұлттық компаниясының, Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері бар. 

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы