National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен ҚР Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы 2016 жылғы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның отырысы өтті

Отырысқа Комиссия мүшелері – республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының, шығармашылық одақтардың, журналистердің қоғамдық бірлестіктері мен мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Жиынды ашқан Мемлекеттік хатшы бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстан мемлекеттілігін нығайтудағы маңызды рөліне тоқталып өтіп, БАҚ өкілдерін алда келе жатқан кәсіби мерекелері – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтады.

 «Отандық журналистиканың негізгі міндеті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Стратегиялық бағытын ақпараттық-бұқаралық тұрғыда қамтамасыз ету болып табылады», – деді қоғамдық комиссия төрайымы.

Г.Әбдіқалықова Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің біріне айналуға деген ұмтылысын атап өтті. Бұл мақсатқа қол жеткізу жолында, әрине журналистиканы қоса алғанда,  өмірдегі барлық саланы инклюзивті дамыту көзделеді. «Қазақстандық масс-медиа ең биік халықаралық өлшемдерге сай болып, ел өміріндегі маңызды оқиғаларды шынайы түрде және біліктілікпен жариялап-көрсету ісін қамтамасыз етуге тиіс», – деді Мемлекеттік хатшы

Биыл Қоғамдық комиссия қарауына 78 ұсыным берілді, атап айтқанда, оның 67-сі журналистерге, 11-і шығармашылық ұжымдарға қатысты.

Қоғамдық комиссияның отырысы барысында журналистер материалдарының  жоғары деңгейі, сондай-ақ баспасөздің Қазақстан дамуының маңызды қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық аспектілерін жариялап-көрсету ісіндегі зор үлесі атап өтілді.

Талқылау қорытындысында қоғамдық комиссия БАҚ саласындағы президенттік марапаттарды тағайындау ережесіне сәйкес, ашық дауыс беру арқылы БАҚ өкілдеріне Президенттің екі сыйлығын, екі грантын тапсыру және төрт шығармашылық ұжымға Алғысын жариялау жөнінде Мемлекет басшысына ұсыным беру туралы бірауыздан ұйғарым жасады.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы