National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

 

Комиссия отырысында Мемлекеттік рәміздерді, соның ішінде елді мекендердің, қалалардың, аудандардың, Астана мен Алматы қалаларының, облыстардың рәміздерін қолдану мен насихаттау жүйесін жаңғырту жөніндегі 2015-2020 жылдарға арналған жоспарды әзірлеу барысы туралы ақпарат тыңдалды. Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия бұл құжатты Мемлекет басшысы ұсынған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын орындау аясында әзірлеген.  

Г.Әбдіқалықова Жоспардың басты мақсаты қазақстандық бірегейлікті және бірлікті нығайтуға бағытталған мемлекеттік рәміздерді қолдану мен насихаттау жүйесін жаңғырту екенін айтты.  

Қазақстан жолының топтастырушы құндылықтары «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын іске асырудың негізі болып саналады. Олар:  Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана; ұлттық бірлік, бейбітшілік және келісім; зайырлы қоғам және жоғары руханият; индустрияландыру және инновация негізіндегі экономикалық өсу; тарихтың, мәдениеттің, тілдің ортақтығы; ұлттық қауіпсіздік пен жалпы дүниежүзілік және өңірлік проблемаларды шешу ісіне еліміздің жаһандық тұрғыда қатысуы.

Бұл ретте азаматтық қағидатқа құрылған қазақстандық бірегейлік пен бірліктің маңызды бағыттарының бірі мемлекеттік рәміздерді қолдану  мәселесі болмақ.  

Жоспарды әзірлеу барысында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің тәжірибелері зерделенді.

Уәкілетті мемлекеттік органдардың басшыларына жаңғырту жөніндегі іс-шаралар өткізу және мемлекеттік рәміздер саласында нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, сондай-ақ ақпараттық насихаттау мәселелеріне назар аудару тапсырылды.

Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы