National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен шетелде кадр даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті жиыны өтті.

Отырысты ашқан М.Тәжин елімізді жаңғыртудың стратегиялық басымдықтарын ескере отырып, бәсекеге қабілетті кадр даярлаудың маңыздылығын айтты.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша 134 үміткерге стипендия тағайындалды. Олар магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша шет елдердегі үздік жоғары оқу орындарында білім алады, сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарына тағылымдамаға жіберіледі.

Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы «Болашақ» халықаралық стипендиясын одан әрі жүзеге асыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 02 ақпан

Ә.А. Ерғалиев туралы