National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

 

Комиссия отырысын ашқан Мемлекеттік хатшы Қазақстан Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының әлеуетін «Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыруда кеңінен қолдану қажеттігін атап өтті.

Отырыс барысында Комиссия мүшелері «Болашақ» халықаралық стипендиясының 2016-2020 жылдарға арналған даму жоспарын мақұлдады. Даму жоспарында қарастырылған «Болашақ» стипендиясын дамытуға және жетілдіруге бағытталған бастамалар талқыланды.

Сонымен қатар, отырыста кезекті конкурстық іріктеудің үміткерлеріне стипендия тағайындау мәселелері және азаматтардың өтініштері қаралды.

Мемлекеттік хатшы отырыс қорытындысы бойынша Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмысын одан әрі ұйымдастыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 02 ақпан

Ә.А. Ерғалиев туралы