National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті

 

Жиынды ашқан Г.Әбдіқалықова Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында ел экономикасын әртараптандыру және индустрияландыру үшін дағдарысқа қарсы шаралар мен құрылымдық өзгерістерді іске асыру аясындағы мемлекеттік міндеттерді орындауға қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау жүйесін барынша дамытуды тапсырғанын атап өтті.

Сондай-ақ Мемлекеттік хатшы «Болашақ» стипендиясының Ұлт жоспарында айқындалған міндеттер бойынша халықаралық санаттағы отандық кәсіпқойлар шоғырын қалыптастыру үдерісінде жетекші рөл алатынын айтты.

Бұл ретте конкурстық іріктеу сапасын жетілдіру бағытындағы іс-шаралар өткізілді. 2016 жылдан бастап стипендия алуға үміткерлерге қойылатын талаптар күшейтілді. Шет тілін білу деңгейіне, дипломының орташа балына, жұмыс өтіліне қатысты өзгерістер енгізілді. 163 позициядан тұратын басымдығы бар мамандықтар тізбесі жаңартылды, оның 41%-ы инженерлік-техникалық мамандарды даярлауға бағытталған. Университеттік рейтингтерде 100-інші және пәндік рейтингтерде 10-шы орын алатын шетелдік жоғары оқу орындардың жаңа тізімі жасақталды.

Комиссия отырысында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жобалары үшін мақсатты тапсырыстар бойынша мамандар даярлауға бағытталған тағылымдама бағдарламасы арқылы Президенттің «Болашақ» халықаралық стипендиясы конкурсына қатысатын қызметкерлер санаты анықталды.

Отырысты қорытындылаған Мемлекеттік хатшы «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру тетігінің тиімділігін одан әрі жетілдіру және арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 02 ақпан

Ә.А. Ерғалиев туралы