National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қауіпсіздік Кеңесі


Жаңалықтар

Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен кездесу өткізді

Кездесу барысында Ғизат Нұрдәулетов пен Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жауапкершілік аймағындағы қазіргі жағдай туралы пікір алмасты, сондай ақ Ұйым аясындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарына қатысты ауқымды мәселелерді қарастырды.

ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов биыл қарашада Беларусь Республикасында өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына және Ұйымға қарасты Сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК), Қорғаныс министрлері кеңесінің (ҚМК) және Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің (ҚКХК) бірлескен отырысына дайындық барысы туралы мәлімет берді.

Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Минскіде өтетін ҰҚШҰ-ға қарасты СІМК, ҚМК және ҚКХК-нің кезекті бірлескен отырысына қатысатынын растады.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

2026 жылғы 30 наурыз

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы