National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қауіпсіздік Кеңесі


Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов Чолпон-Атада «Орталық Азия – Ресей» форматында өткен қауіпсіздік кеңестері хатшыларының екінші кездесуіне қатысты

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы баяндамасында ынтымақтастықтың нақты бағыттарына, соның ішінде терроризм мен экстремизм қаупіне қарсы іс-қимыл саласына тоқталды.

Халықаралық террористік ұйымдар өздерінің идеологиясын тарату, қолдаушыларды тарту және елдерімізге кіру үшін күннен күнге күшейіп келе жатқан жаһандық қайшылықтарды, сондай-ақ көші-қон үдерістерін пайдаланатыны атап өтілді.

Есірткі контрабандасы және саудасымен, әсіресе, психоактивті заттар мен синтетикалық есірткі құралдарының жаңа түрлерінің таралуы жағдайында бірлескен күрес тағы бір өзекті міндет болып қала береді.

Сондай-ақ кездесу барысында өңірдің ақпараттық, экологиялық және су-энергетикалық қауіпсіздігі, көлік-логистикалық инфрақұрылымның орнықтылығы мәселелері қаралды.

Орталық Азия елдері және Ресей Қауіпсіздік Кеңестері хатшыларының бірінші кездесуі 2023 жылы маусымда Алматыда өткен болатын.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 02 ақпан

Ә.А. Ерғалиев туралы