National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қауіпсіздік Кеңесі


Жаңалықтар

ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің отырысы өтті

Алматы қаласында Қазақстан тарапының төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің отырысы өтті.

Шараға қатысушылар ҰҚШҰ жауапкершілігіне қарасты аймақтағы жағдай жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов әріптестеріне ҰҚШҰ қызметінің өзекті бағыттарына қатысты, соның ішінде Қазақстанның Ұйымға төрағалығының басымдықтары аясындағы еліміздің ұстанымы туралы мәлімет берді.

Халықаралық терроризм, киберқылмыс, есірткі мен қару-жарақтың заңсыз айналымы, ұйымдасқан трансұлттық қылмыс сияқты қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл шараларына да ерекше назар аударылды.

Отырыс қорытындысы бойынша ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің «Тәжік-ауған шекарасын нығайту жөніндегі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының мақсатты мемлекетаралық бағдарламасы туралы» шешімінің жобасы мақұлданды.

Жиынға қатысушылар ҰҚШҰ аясындағы ықпалдастықты дамытуға және Ұйымды одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады.

ҰҚШҰ-ға Қазақстан Республикасының төрағалығы ескеріліп, Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің кезекті отырысы биыл қараша айында ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы қарсаңында Астанада өтеді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару