1971 жылы 9 сәуірде Гурьев қаласында (Атырау) дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, есеп және экономикалық кибернетика факультетін, мұнай-газ өнеркәсібінің білім беру орталығын бітірген.
Мамандығы — «Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды бағалау», «Мұнай өндіру экономикасы».
Еңбек жолын 1994 жылы Alem Bank Kazakhstan экономисі, бас экономисі болып бастаған.
1995-1997 жылдары — Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің бөлім бастығы, департамент директоры.
1997-2001 жылдары — «Қазақойл» ҰМК ЖАҚ аға сарапшысы, менеджері, бас менеджері, департамент директорының орынбасары.
2001-2003 жылдары — Commonwealth and British Services Ltd. бизнес-талдаушысы, менеджері, қаржы директоры.
2003-2006 жылдары — «ҚазМұнайГаз» ҰМК ЖАҚ БК үлестерді басқару жөніндегі атқарушы директоры.
2006-2008 жылдары — Қазақстан Республикасының энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі.
2009-2010 жылдары — «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ электр энергетикалық және мұнай-газ активтерін басқару мәселелері жөніндегі басқарушы директоры.
2010-2011 жылдары — «PSA» ЖШС бас директоры.
2011 жылы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ президенті болып тағайындалды.
2012-2014 жылдары — мұнай және газ вице-министрі.
2014-2017 жылдары — «Almex Petrochemical» ЖШС бас директоры.
2016-2017 жылдары — «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры.
2017-2019 жылдары — Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі.
2019 жылдан 2021 жылға дейін «KAZENERGY» қауымдастығының бас директоры болып жұмыс істеді.
2019-2021 жылдары — «Almex Petrochemical» ЖШС бас директоры.
2021 жылғы сәуірден 2022 жылғы қаңтарға дейін — «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры.
2022 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен ҚР энергетика министрі болып тағайындалды.
2023 жылғы 4 сәуірде Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.