Ардақты ағайын!
Қадірлі отандастар!
Бүгін – ерекше күн, татулық күні. Еліміз осы мерекені жақсы көреді, жоғары бағалайды. Сондықтан, баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!
Ұлт пен ұлыстың ынтымағын дәріптейтін бұл мерекенің қадір-қасиетін жақсы білеміз. Екі күн бұрын ғана өткен Қазақстан халқының Ассамблеясында сөйлеген сөзінде Елбасымыз ел ішіндегі мызғымас татулықтың маңыздылығын атап өтті. Тарихтың сан қилы сын сағаттарында қазақ жерін паналап келген көптеген ұлт өкілдері бүгінде бір үйдің баласындай туыс-бауыр болды.
Заманның тауқыметіне қарамастан, біздің халқымыз солардың бәрін бауырына тартып, барымен бөлісті. Егемендік алған жылдары, көп этносты, көп конфессиялы еліміздің келешегі туралы түрлі теріс болжамдар айтылды. Бұл – белгілі. Алайда, Елбасымыздың арқасында Қазақстан бүгінде түрлі этнос өкілдерінің киелі шаңырағына айналды, абыройлы, беделді мемлекет болды.
Ортақ Отанымыздағы бейбітшілік пен келісім ел дамуының берік негізіне айналды. «Біріңді қазақ бірің дос, Көрмесең, істің бәрі бос» деп Ұлы Абай айтқандай, біз еліміздің жеңісті әрі жемісті күндеріне ынтымағымыз арқылы жеттік.
Қымбатты отандастар!
Табиғаты таңғажайып ару Алматы – бірегей, баламасы жоқ шаһар. Оның жылнамасы – бүкіл Отанымыздың жарқын айнасы.
Алматы – азаттығымыздың бесігі болған, елдігіміздің іргесі қаланған қастерлі қала. Жас мемлекетіміздің жетістіктерін дүние жүзіне алғаш танытқан да – осы Алматы.
Алатау баурайындағы қала – бүгінгі қазақ зиялыларының құтты мекені болып отыр. Алматы – ғылымның ордасы, өнердің бесігі, шығармашылықтың шаңырағы.
Дорогие казахстанцы!
Алматы – это город, который сыграл особую роль в нашей истории. Именно здесь в декабре 1986 года произошли события, которые повлияли на развитие всех республик бывшего Советского Союза. Здесь была провозглашена Независимость нашего государства.
С Алматы связаны судьбы миллионов казахстанцев и всей страны. В этот светлый весенний день для меня большая честь и удовольствие находиться в этом прекрасном городе, где я родился, окончил школу, начал работать на благо Независимости Казахстана.
Алматы всегда отличала особая аура. Алматинец – это неповторимый бренд и образец подлинного интернационализма.
В наши дни город является деловым, финансовым, культурным, образовательным и туристическим центром страны. Алматы – это также центр притяжения малого и среднего бизнеса, который создает рабочие места, генерирует доходы городского бюджета.
Наша главная цель – повышение благосостояния и качества жизни людей. Нам предстоит вместе решать проблемы экологии и инфраструктуры, общественной безопасности.
Наш город, и это отрадно, становится образцовым в плане комфорта для его жителей и иностранных гостей. Наступило время перехода на экологически чистые технологии для автотранспорта и в сфере энергообеспечения.
Именно в Алматы мы будем создавать рабочие места для выпускников ВУЗов и для молодежи в целом.
Дорогие друзья!
Наш город издавна населяют представители самых разных этнических групп. Все они вносят значительную лепту в сохранение мира и согласия, взаимоуважения и взаимообогащения культур и традиций.
Единство и согласие – это ценности, которые наш народ сберег даже в годы самых тяжелых испытаний. Благодаря сплоченности и созидательному труду мы смогли укрепить нашу Независимость, достигли значительных успехов в экономике. Нашу страну знают и уважают во всем мире.
Сегодня каждый казахстанец, независимо от его этнической принадлежности, чувствует себя частью единой большой семьи. «Единство в многообразии» – вот суть нашей политики.
«Бірлік бар жерде тірлік бар» деген дана сөзді ешқашан ұмытпауымыз керек.
Только вместе, своим трудолюбием и упорством мы сможем построить сильное и процветающее государство.
Поздравляю всех Вас с 1 мая – Днем единства народа Казахстана!
Желаю каждому из вас счастья, благополучия, новых успехов!
Пусть наш город процветает во благо алматинцев и всего Казахстана!
Баршаңызға амандық тілеймін!
Отанымыздың келешегі жарқын болсын!
Еліміз мәңгілік болсын!