Құрметті қазақстандықтар!
Сіздерді жарқын да қуанышты Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Православ христиандармен бірге Пасханы барша қазақстандықтар қарсы алады. Біздің елімізде түрлі этностар мен діни сенімдегі адамдар Отанымыздың игілігі жолында еңбек етіп, өмір сүріп келеді. Біздің барлығымыз Пасха, Құрбан айт, Рождество, Рамазан және өзге де діни мерекелерді лайықты құрметпен атап келеміз.
Бұл қасиетті даталар бәріміз үшін адамға деген ұлы сүйіспеншіліктің тағлымы болып табылады. Олар біздің өмірімізді, жүрегімізді рухани күшке, сенім мен үмітке, қайырымдылық пен төзімділікке толтырады. Барлық әлемдік діндер бейбітшілдікке, жанашырлыққа және толеранттыққа үндейді.
Бүгінде православ діни қауымы Қазақстан үшін өзге дәстүрлі конфессиялармен қатар, қазақстандықтардың үлкен және тату отбасында бейбітшілік пен жарастықты нығайтуға көмектеседі.
Біз өз мәдениетімізді, руханилық және адамгершілікті өзара байыта отырып, бейбітшілік пен рухани келісімде өмір сүрудеміз. Біз осы дәстүрді қастерлеп сақтаймыз және нығайтамыз. Біздің еліміздің ерекшелігі осында, және барша әлемдік қоғамдастық бұл фактіні мойындап отыр. Осы себепті елімізде таяу уақытта Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің төртінші съезі өткелі отыр.
Осы жарқын мерекеде баршаңызға бейбітшілік, жақсылық және амандық-саулық тілеймін!
Мерекелеріңізбен, қымбатты отандастар!