Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңес туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 414 Жарлығы. Елдің орнықты дамуын стратегиялық жоспарлау жəне экономикалық, əлеуметтік жəне саяси реформаларды тереңдету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңес құрылсын. 2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігіне жүктелсін. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.ТОҚАЕВ