National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан Президенті Ұлыбританияның Премьер-Министрі Борис Джонсонға көңіл айтты

2021 жылғы 14 қыркүйек

Мемлекет басшысы Ұлыбританияның Премьер-Министрі Борис Джонсонға анасы Шарлотта Джонсон Уоллдың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

– Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Жоғары Мәртебелі Сізге және отбасыңызға орны толмас қайғыға байланысты көңіл айтамын. Миссис Джонсон Уолл аса көрнекті тұлға болатын. Ол өзінің тамаша туындыларымен Біріккен Патшалықта және одан тыс жерлерде заманауи өнердің дамуына, ілгерілеуіне елеулі үлес қосты. Аяулы анаңыз жайлы жақсы естеліктер оны білетін адамдардың жүректерінде және жадыларында сақталатынына сенімдімін, – делінген жеделхатта.  


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 02 ақпан

Ә.А. Ерғалиев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің