National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қасым-Жомарт Тоқаев Риши Сунакқа құттықтау жеделхатын жолдады

2022 жылғы 26 қазан

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Риши Сунакты Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-министрі қызметіне тағайындалуымен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Риши Сунактың көшбасшылық қасиеті мен өзгерістер бағдарламасы Ұлыбританияны қуатты әрі тұрақты етуде шешуші рөл атқаратынына сенім білдірді.

«Қазақстан Ұлыбританиямен арадағы берік достық, өзара құрмет пен сенімге негізделген ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайды. Біздің ынтымақтастығымыз саяси және экономикалық қарым-қатынастарды нығайтуға септігін тигізіп, достас мемлекеттеріміздің игілігі жолында одан әрі дамуға жаңа мүмкіндіктер ашады деп сенемін», – делінген жеделхатта.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

2026 жылғы 03 шілде

Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Жарлық

2026 жылғы 02 шілде

Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің