National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Rio Tinto компаниясының бас атқарушы директоры Якоб Штаусхольмді қабылдады

2023 жылғы 18 қыркүйек

АҚШ, Нью-Йорк қаласы

Кездесу барысында геологиялық барлау, тау-кен және металлургия өнеркәсібінде бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Rio Tinto компаниясының еліміздегі қызметінің аясын кеңейту жоспары жөнінде мәлімет берілді. Сондай-ақ Якоб Штаусхольм Қостанай және Қарағанды облыстарындағы мыс кен орындарына геологиялық барлау жүргізу жобасының жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.

Мемлекет басшысы жоғары технологияларды дамыту үшін бүгінде сұранысқа ие маңызды минералдар мен шикізаттың елімізде мол қоры бар екенін атап өтті. Қазақстан геологиялық барлау жұмыстарының ауқымын ұлғайту, жаңа кен орындарын ашуды жеңілдететін үздік әлемдік тәжірибелерді енгізу үшін шаралар қабылдап жатыр.  

***

Rio Tinto –  нарықтағы құны 99 миллиард долларды құрайтын, тау-кен өндірісі және металлургия саласындағы ірі ағылшындық-австралиялық компания. Негізгі активтері Австралияда (35%), Канадада (34%), Европада (13%) және АҚШ-та (11%) шоғырланған.

Rio Tinto компаниясы темір рудасын, алюминий, мыс, боксит, алмаз, уран және өнеркәсіпке қажетті басқа да минералдар өндірумен айналысады.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

2026 жылғы 10 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің