АҚШ, Нью-Йорк қаласы Нью-Йорк қаласында Қасым-Жомарт Тоқаев Монако Князі ІІ Альбермен кездесу өткізді. Президент Қазақстан мен Монако арасындағы қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтудің мол әлеуеті бар екеніне тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев Князь ІІ Альберді елімізге ресми сапармен келуге шақырды. Сондай-ақ тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.