National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Президент Провинциялық комитеттің хатшысы, Ұлттық жиналыстағы Бакнинь провинциясы депутаттары делегациясының басшысы Нгуен Ань Туанмен кездесті

2023 жылғы 22 тамыз

Вьетнам, Бакнинь провинциясы

Кездесу барысында Қазақстан мен Вьетнамның өңірлері арасындағы байланыстарды дамыту перспективалары талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз Вьетнамның және бүкіл Оңтүстік Шығыс Азияның интеллектуалдық-өндірістік хабы саналатын Бакнинь провинциясымен тығыз қарым-қатынас орнатуға ниетті екенін атап өтті.

Президент өңіраралық жан-жақты ынтымақтастықты дамыту мақсатында Бакнинь провинциясы мен Қазақстан өңірлерінің бірі арасында бауырластық қатынас орнатуды ұсынды.

Сонымен қатар әңгімелесу барысында инвестиция тарту, инновацияны дамыту, арнаулы экономикалық және индустриялық аймақтардың жұмыстары, аса маңызды шикізат материалдары мен жартылай өткізгіштерді өндіру мәселелері қарастырылды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 02 ақпан

Ә.А. Ерғалиев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің