National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Халықаралық серіктестік жөніндегі еуропалық комиссар Йозеф Сикеланы қабылдады

2025 жылғы 13 наурыз

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Одағының жоғары мәртебелі өкіліне ілтипат білдіре отырып, еліміз маңызды сыртқы экономикалық және инвестициялық серіктес ретінде Ұйыммен жан-жақты стратегиялық ынтымақтастыққа басымдық беретінін айтты.

– Қазақстан Еуропа Одағының Орталық Азиядағы негізгі әріптесі болып қала береді. Cеріктестікті кеңейту және ынтымақтастық туралы келісім біздің көпжоспарлы өзара ықпалдастығымызды тереңдетудің берік негізін қалайды, – деді Мемлекет басшысы.

Йозеф Сикела кездесу үшін Президентке ризашылығын жеткізіп, Еуропа Одағы аймаққа айрықша назар аударып отырғанын атап өтті.

– Халықаралық серіктестік жөніндегі комиссар ретінде алғашқы сапарыма баса мән беремін. Орталық Азияның бес еліне келу жөнінде шешім қабылдауым бекер емес. Бұл – Еуропа Одағының Қазақстанмен және аймақтың басқа мемлекеттерімен анағұрлым терең әрі орнықты байланыс орнатуға ниетті екенін айқын көрсетеді, – деді еурокомиссар.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Йозеф Сикела көлік дәліздерін, логистикалық инфрақұрылымды, орнықты энергетика мен цифрлық шешімдерді дамыту бойынша қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан және жаңа экономикалық жобаларға ден қоя отырып, екіжақты күн тәртібінің нақты мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар өңірлік және жаһандық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, халықаралық аренадағы, соның ішінде «Орталық Азия – Еуропа Одағы» форматы аясында әдіс-тәсілдерді одан әрі үйлестіруге дайын екендіктерін растады.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 02 ақпан

Ә.А. Ерғалиев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің