National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Бейжіңде China Energy Engineering Group компаниясының бас директоры Ни Чжэнмен кездесті

2025 жылғы 02 қыркүйек

ҚХР, Бейжің қаласы

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ни Чжэн ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен бірлескен жобаларды дамытудың жай-жапсарын талқылады.

Әңгімелесу барысында электр желілері инфрақұрылымын жаңғырту мен кеңейтуге, дата-орталық салуға, сондай-ақ қалдықтарды қайта өңдеу арқылы электр қуатын өндіру жобасын жүзеге асыруға қатысты мәселелерге назар аударылды.

Energy China компаниясы Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстігін жалғайтын тұрақты электр желілерінің құрылысын жүргізуге ниет танытып отыр. Сондай-ақ жаңартылатын энергетика жобаларын іске асыру мүмкіндігін қарастырады.

Fortune Global 500 рейтингіне кіретін халықаралық ірі компания жел, күн және жылу қуатын өндіру, ядролық энергетика, су үнемдеу мен гидроэнергетика салаларында жұмыс істейді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің