1978 жылы туған. Жоғары заңды және экономикалық білімі бар. 2000 - 2001 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратура органдарында жұмыс істеді. 2001 – 2016 жылдары – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында, оның ішінде 2011-2016 жылдары Департамент бастығының лауазымында қызмет атқарды. 2016 – 2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесінің бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2019 – 2022 жылдары Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі. 2022 жылдың 14 сәуірінде Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары болып тағайындалды. 2 дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған (2012 жыл). Үйленген, 4 баласы бар.