Жаңалықтар

26 сәуір 2013
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Уильям Бёрнспен кездесу өткізді

 

Әңгімелесу барысында Америка Құрама Штаттарымен арадағы көп жоспарлы стратегиялық серіктестік аясын кеңейтудің және оны арттырудың негізгі қырлары қарастырылды.

Нұрсұлтан Назарбаев Бостон қаласында болған террорлық актіге байланысты тағы да көңіл айтты.

Өз кезегінде У.Бёрнс Мемлекет басшысына АҚШ Президенті Барак Обаманың сәлемін жеткізді.

Тараптар екі ел арасындағы экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылауға көңіл бөлді.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев біздің еліміздің Ауғанстанды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қалпына келтіру ісіне ықыласты екенін айтып, Қазақстанның жүзеге асырып жатқан жобалары туралы әңгімелеп берді.  


Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар