National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев жұмыс сапарымен Германия Федеративтік Республикасына барды

Биылғы 18-20 шілде аралығында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында қамтылған 5 институционалдық реформаны іске асыру аясында құқық қорғау жүйесін жаңғырту жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобына жетекшілік еткен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Н.Ермекбаев Германия Федеративтік Республикасына сапармен барды.

Сапардың негізгі мақсаты – құқық қорғау органдарына кадрларды іріктеу және даярлаудағы, сондай-ақ федералды және жер полициясының қызметі мен өзара ықпалдастығын ұйымдастыру жөніндегі әлемнің бірден-бір үздік тәжірибесімен танысу, қылмыстық жазалар жүйесін зерттеу.

Сапар барысында Сыртқы істер министрлігінің және Федералдық ішкі істер министрлігінің, өңірлік полиция мен пенитенциарлық жүйе органдарының, сондай-ақ полиция академиясының басшылығымен кездесулер өткізілді.

Өткізілген іс-шаралар нәтижелері құқық қорғау қызметінің тиімділігі мен мәртебесін, қызметкерлердің жалақысын және әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз етілуін жақсарту үшін атқарылатын жұмыс барысында ескерілетін болады.

Сапар барысында Н.Ермекбаев Бремендегі «Райнметал груп» әскери-өнеркәсіптік кәсіпорынға барып, жасалған өнімдердің үлгілерімен танысты.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

2026 жылғы 30 наурыз

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы