National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Астанада ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

Астана қаласында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

Жиында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне, сондай-ақ құмар ойындарға қарсы күреске бағытталған кешенді жоспарларды жүзеге асыруға жауапты мемлекеттік органдар басшыларының есептері тыңдалды.

Талқылаулар барысында Мемлекеттік кеңесші Ішкі істер министрлігі мен Туризм және спорт министрлігіне кешенді жоспарларды орындауға қатысты жұмысты күшейту жөнінде тапсырма берді. Ерлан Қарин істің қарқыны мен сапасын жоғалтпау керек екеніне тоқталды. Мемлекеттік кеңесші лудоманияның алдын алуға, сондай-ақ нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жүргізуге бағытталған барлық шараларды сапалы жүзеге асыру мәселесіне тоқталды. Ол үшін бекітілген жоспарлардың орындалу барысына әділ әрі толық талдау жүргізу қажеттігін атап өтті.

Кеңес мүшелері «Қазақстан жастары» атты ұлттық баяндамада көрсетілген жастар арасындағы қазіргі үрдістерді қарастырды.  

Осы үрдістерді ескере отырып, жиынға қатысушылар өзекті тақырыптың бірі – жастарды жұмыспен қамту мәселесін талқыға салды.

Ерлан Қарин кездесуді қорытындылай келе, Кеңес мүшелері тарапынан көтерілген көптеген бастаманың биыл жүзеге асқанын айтты. Сондай-ақ Кеңестің алдағы уақытта жаңа бастамаларға ұйытқы болып, жастар саясаты саласындағы маңызды бағыттарды жаңғырта түсетініне сенім білдірді.  

Жалпы, отырыс нәтижесінде нақты ұсыныстар әзірленіп, Кеңесте айтылған мәселелерге қатысты мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару