National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қауіпсіздік Кеңесі


Жаңалықтар

Астанада Орталық Азия елдері және Үндістанның қауіпсіздік кеңесі хатшыларының кездесуі өтті

Астанада Орталық Азия елдерінің және Үндістанның қауіпсіздік кеңестері хатшыларының/ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілерінің екінші кездесуі өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар өңірлік және халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері, соның ішінде терроризм мен экстремизмге, қару-жарақ пен есірткінің заңсыз айналымына, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ су, экологиялық және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы ынтымақтастықты дамыту жөнінде жан-жақты пікір алмасты.

Тараптар Ауғанстандағы қазіргі ахуалды және оның аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылыққа әсерін талқылады.

Ғизат Нұрдәулетов әріптестерін халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің қазіргі кезде өзекті сын-қатеріне қатысты Қазақстанның ұстанымы жайында хабардар етті. Сонымен қатар «Орталық Азия – Үндістан» диалогы аясында серіктестік құру жөнінде бірқатар ұсынысын жеткізді.  

Бұдан бөлек, Қазақстан тарапы еліміздің көлік-логистика және аэроғарыш салаларындағы мүмкіндіктері мен халықаралық ынтымақтастық перспективаларын таныстырды.

Жиын шеңберінде Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Үндістанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Аджит Довалмен екіжақты консультациялар өткізді. Кездесуде терроризмге қарсы күрес, киберқауіпсіздік, аэроғарыш индустриясын дамыту бағыттары бойынша елдеріміз арасындағы өзара ықпалдастықтың түрлі аспектілері қарастырылды.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 22 қараша

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Жаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен мәлімдемесі

2024 жылғы 28 қараша

Жаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен мәлімдемесі

Жарлық

2024 жылғы 15 қараша

Мемлекет басшысының жарлықтарымен: