National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Ерлан Қарин балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты жиын өткізді

Мемлекеттік кеңесшінің төрағалығымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесіне арналған жиын өтті. Басқосуға Алматы қаласы, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Түркістан облыстары әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігінің, Бас прокуратураның басшылығы және Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қатысты.

Жиында Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева баяндама жасады. Олар бала құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелеріне тоқталды.

Осыған орай Мемлекеттік кеңесші балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігіне аймақ басшылығы баса мән беріп, бұл істі тұрақты бақылауға алуы қажет екеніне назар аударды.

Сонымен бірге жергілікті жерде басшылардың қатысуымен осындай жиындар тұрақты түрде өткізілетінін атап өтті.  

Ерлан Қарин бұл бағыттағы жұмысты жалғастыра беруді және тиісті іс-шараларды пысықтауды тапсырды.

 

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы