National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Ерлан Қарин қырғыз жастарының өкілдерімен кездесті

Мемлекеттік кеңесші, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің төрағасы Ерлан Қарин Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың елімізге ресми сапары аясында өтіп жатқан қазақ-қырғыз жастар форумына қатысушылармен кездесті.

Жиында Мемлекеттік кеңесші Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан жастарының құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге айрықша мән беретінін атап өтті. Президенттік жастар кадр резерві, жастар кәсіпкерлігін дамыту,  сондай-ақ креативті индустрияны құру үшін дарынды жастарға қолдау көрсету сияқты жас ұрпақтың мүддесін және қажеттілігін ескеретін жобалар мен бағдарламалар – соның айқын дәлелі.

Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес  жастар саясатын қалыптастырумен және оны жүзеге асырумен айналысатын негізгі құрылым саналады. Жастар оның жұмысына белсенді араласып, түрлі идеялар мен жобалар ұсынады, осылайша еліміздің дамуына үлес қосады.

Мысалы, Кеңес мүшелері Мемлекеттік жастар саясатының 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірлеуге тікелей атсалысты. Сондай-ақ Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелерінің бастамасымен Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023–2025 жылдарға арналған кешенді жоспары қабылданды. Қазіргі уақытта Кеңес заңсыз ойын бизнесіне және лудоманияға қарсы күрес жөнінде кешенді жоспар әзірлеп жатыр.

Кездесу соңында Ерлан Қарин қырғыз жастарын қызықтырған сұрақтарға жауап берді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару