ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Ресей Федерациясының Мәдениет министрі Ольга Любимовамен кездесті. Кездесуде екі ел арасындағы өнер және мәдени ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Мемлекеттік кеңесші Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени қарым-қатынастардың маңызы жөнінде атап өтті. Өз кезегінде, Ольга Любимова өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қатысты жоспарлары жайында айтты. Кездесу соңында тараптар мәдени-гуманитарлық бағыттағы екіжақты диалогты жалғастыра беруге уағдаласты.