National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Ерлан Қарин Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Жиында Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлау алды бағдарламасындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәселелердің орындалуы, сондай-ақ, кеден, құрылыс салаларындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді жоспарды жүзеге асыру барысы қаралды.

Атқарылған жұмыстар жайында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің есептері тыңдалды.

Ерлан Қарин сыбайлас жемқорлықпен күрес Мемлекет басшысы басымдық беріп отырған негізгі бағыттың бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар бұл тараптағы жұмыс Қазақстан қоғамын жаңғыртуға бағытталған реформаларды тиімді іске асыруға септігін тигізетінін айтты.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы