Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ресей Федерациясы Президентінің көмекшісі Владимир Мединскиймен кездесу өткізді. Пікір алмасу барысында мәдени-гуманитарлық саладағы қарым-қатынасты одан әрі дамытудың маңыздылығы айтылды. Ерлан Қарин мен Владимир Мединский Қазақстан-Ресей арасындағы гуманитарлық бағыттағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады. Кездесу соңында тараптар қос мемлекеттің өзара тиімді серіктестігін нығайту жолында белсенді диалогты жалғастыруға уағдаласты.