National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы

2015 жылғы 06 қазан

 

9 қазанда Қазақстанға Украина Президенті Петр Порошенко ресми сапармен келеді.

Мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастардың, соның ішінде сауда-экономика саласындағы ынтымақтастықтың мейлінше өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарлануда.  

Келіссөздер барысында көмір өнеркәсібі, көлік-логистика, агроөнеркәсіп кешені және басқа салалардағы өзара іс-қимылдың басымдығы бар бағыттарын  қарастыру көзделген.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенко күн тәртібіндегі негізгі халықаралық мәселелер бойынша, соның ішінде Минск уағдаластықтарын жүзеге асыру барысына қатысты пікір алмасады деп жоспарланып отыр. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің