National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы М.Тәжиннің төрағалығымен 2013 жылғы Ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті

2013 жылғы 10 қазан

 

 

Бұл сыйлық ғылым және техника қайраткерлерінің еңбегін қоғам мен мемлекет алдында жоғары бағалау болып табылады. Оны Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы азаматтарына мынадай жетістіктері үшін береді:

– республиканың экономикалық және әлеуметтік дамуын айтарлықтай жеделдетуге, Қазақстанның ғылымы мен техникасының әлемдегі озық жетістіктер деңгейіне шығуына әкелетін іргелі және қолданбалы зерттеулер саласындағы аса үздік нәтижелері үшін;

– бір саладағы қоғамға кеңінен танылған ғылыми жаңалықтар, монографиялар мен ғылыми жұмыстары үшін;

– техниканың, материалдар мен технологиялардың әлемдік баламалары немесе одан жоғары деңгейдегі жаңа түрлерін әзірлегені және өндіруді ұйымдастырғаны үшін.

Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығына 2013 жылы барлығы 19 жұмыс түсті.

Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама және сараптамалық-талдамалық бағалау қорытындысы жөніндегі комиссияның осының алдындағы отырысында (биылғы 12 маусым) жұмыстар бұдан әрі конкурсқа қатысу үшін іріктелді.  

Аталған жұмыстар жөніндегі мәліметтер кеңінен қоғамдық талқылаудан өту үшін БАҚ-та жарияланды. Талқылау кезінде 300-ге жуық пікір (рецензиялар, хаттар, басылымдағы жарияланымдар), соның ішінде шетел ғалымдарынан 116 пікір келіп түсті. Ұсынылған пікірлер мен рецензияларды ескере келіп, конкурстық жұмыстар секциялық сарапшылар отырыстарында қаралды.   

Комиссияның қорытынды отырысында Мемлекет басшысының қарауына ұсынылатын 3 жұмыс бекітілді.

Мемлекеттік сыйлық лауреаттарына марапаттар дәстүрлі түрде Тәуелсіздік күні тапсырылады.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің