National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Бүгін Ақордада «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдаудың негізгі бағыттары бойынша аналитикалық және зерттеу қызметін үйлестіру жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының бірінші отырысы өтті

2013 жылғы 19 сәуір

 

Мемлекеттік хатшы М.Тәжиннің төрағалығымен өткен отырыстың жұмысына Үкімет мүшелері, Президент Әкімшілігінің өкілдері, еліміздің жоғары оқу орындарының ректорлары, ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, республиканың белді ғалымдары, жетекші сарапшылар қатысты.

Отырыста Мемлекеттік хатшы М.Тәжин, Премьер-Министрдің орынбасары Қ.Келімбетов, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Б.Сұлтанов, Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Е.Досаев, «Тұран» университетінің ректоры Р.Алшанов сөз сөйледі.

Еліміздің зерттеушілер қауымы алдында тұрған нақты міндеттер, қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша мамандар даярлау сапасы, сондай-ақ, ғылыми  құрылымдар жұмысының орташа  мерзімді  кезеңге арналған зерттеу басымдықтары талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы М.Тәжин мемлекеттік органдарға Қазақстандағы кәсіби зерттеулердің бәсекелестік  нарығын дамыту және мемлекеттік жаңа ғылыми тапсырыс қабылдау жөнінде нақты тапсырмалар берді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің