Кеңеске Президент Әкімшілігінің бөлім меңгерушілері, министрліктер мен ведомстволардың басшылары, Астана, Алматы қалаларының және облыс әкімдерінің орынбасарлары, Қазақстан халқы ассамблеясы аймақтық хатшылықтарының меңгерушілері, Қазақстан халқы ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері қатысты.
Іс-шара барысында «Қазақстан-2050» Стратегиясын белгілеп берген Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының «Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» деген жетінші басымдығын іске асыру міндеті, этносаралық қарым-қатынас саласындағы саяси және ақпараттық жұмыстың өзекті мәселелері, мемлекеттік этносаясат пен Қазақстан халқы ассамблеясы жұмысындағы аймақтық компонентті жетілдіру мүмкіндіктері қаралды.
Мемлекет басшысы - Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың этносаралық қарым-қатынасты нығайту саласындағы тапсырмаларының орындалуы, сондай-ақ, Алматы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының аймақтық ассамблеялары жұмысындағы жаңа бағыттар мен формалар туралы есептері тыңдалды.
Қазақстан халқы ассамблеясының этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты нығайту, оның қызметін ақпараттық және ғылыми сүйемелдеу жөнінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл мәселелері, бірқатар басқа да ұйымдастырушылық міндеттер талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша ҚР Мемлекеттік хатшысы мемлекеттік органдарға этносаясат саласындағы саяси жоспарлауды күшейту, ведомствоаралық үйлестіруді, қоғамдық келісімді нығайту жөнінде ортақ міндеттерді іске асыруда мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру жөнінде тапсырмалар берді.