National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Бүгін Ақордада шет мемлекеттер елшілері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжинге сенім грамоталарын тапсырды

2013 жылғы 28 наурыз

 

ҚР Мемлекеттік хатшысына елшілер – Кения Республикасынан Пауль Кибивотт Кургат, Македония Республикасынан Дарко Ангелов, Эквадор Республикасынан Альберто Чавес Савала, Джибути Республикасынан Абди Ибрахим Абсиех, Лаос Халықтық-Демократиялық Республикасынан Тхиенг Буфа, Жаңа Зеландиядан Хэмиш Купер, Австралия Одағынан Пол Эндрю Майлер және Монако Князьдігінен Эвелин Жанта сенім грамоталарын табыс етті.

ҚР Мемлекеттік хатшысы дипломаттармен кездесуде осы елдермен саяси, экономикалық және гуманитарлық салалардағы екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың бірқатар өзекті мәселелерін, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықтың келешегін талқыға салды.

Атап айтқанда, екіжақты кездесулерде Қазақстан - Кения және Қазақстан - Эквадор ынтымақтастығын одан әрі дамытудың келешегіне байланысты пікір алмасылды. Саяси, сауда-экономикалық және мәдени салаларда өзара іс-қимыл бағытында Қазақстанға қызығушылық артып келе жатқаны атап өтілді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің