National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Астана экономика форумының жұмысына қатысушы Румыния Парламенті депутаттар палатасының төрағасы Валериу Згоняны қабылдады

2013 жылғы 22 мамыр

 

Кездесуде парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселесі талқыланды.

Тараптар екі елдің парламенттері арасында ғана емес, экономикалық мәселелерде де сенімді диалог орныққанын қанағаттанушылықпен атап өтті. Бұл ретте энергетикалық саладағы табысты ынтымақтастық айрықша көрініс тапқан.

– Қалыптасқан өзара тиімді инвестициялық серіктестік мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтуге де жақсы негіз қалайды. Мәдени-білім беру бағытындағы алмасуларды, академиялық орта, шығармашылық қауымдастық өкілдері арасындағы байланысты күшейту қажет,– деп атап өтті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің