National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалық етуімен Шетелдерде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

2013 жылғы 27 наурыз

 

Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов «Болашақ» халықаралық стипендиясын 2012 жылы іске асырудың қорытындылары, сондай-ақ басымдық берілген индустриялық-инновациялық даму, білім және денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар үшін мемлекеттік қызметшілерді, ғылыми-педагогикалық, инженерлік және медицина кадрларын нақтылай даярлау тетігін қамтамасыз етуге арналған Стипендияны дамыту жоспарының бірінші кезеңінің орындалу барысы туралы баяндады.

Аталған даму жоспарының екінші кезеңін іске асыру үшін экономиканың басым салалары үшін шет елде білім алатын мамандарды мақсатты даярлауды жүзеге асыру ұсынылды. Мемлекеттік органдардан келіп түскен мақсатты тапсырыстар негізінде мемлекеттік басқару және әкімшілендіру бағдарламалары бойынша жетекші мамандарды шетелдерде қысқа мерзімді тағылымдамадан өтуге жіберу керек. Алдын ала анықталған тақырыптар бойынша шетелдің үздік ғылыми мекемелері мен жоғары оқу орындарында, зертханаларында докторанттарды бағдарламалық-мақсатты түрде даярлауды күшейткен жөн.

Сонымен қатар, отырысқа қатысушылар «Foundation PhD» бағдарламасы бойынша алдын ала тілдік және ғылыми-зерттеу даярлығын ұйымдастыру қажеттілігін атап өтті. Бұл бағдарлама докторанттардың академиялық ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыруға, сондай-ақ шет елде 12 ай бойы арнайы курстар ұйымдастыру арқылы зерттеу қызметінің әдіс-тәсілдерін игерулеріне бағытталатын болады.

Комиссия академиялық білім алу үшін 37 қосымша мамандықты және тағылымдамадан өту үшін 47 мамандықты бекітті. 2013 жылға бөлінген стипендияның жалпы саны – 1093.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің