National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалығымен Шетелде мамандар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

2012 жылғы 24 желтоқсан

 

- «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында біздің Президентіміз қазіргі әлемде жалпы сауаттылық енді жеткілікті бола қоймайтынын айқын білдірді. Дамыған бәсекеге қабілетті мемлекетке айналу үшін, біз жоғары білімді ұлт болуымыз керек. Жастарға ерекше үміт артылады. Мемлекет басшысы жаңа бағыттың қозғалтқышы болатын жас қазақстандықтарға сенім артатынын мәлімдеді. Жастардың өсуі және жан-жақты оқуы үшін қажетті жағдай жасау - Президенттің әрдайым басты назарында. Елбасы әлемдік деңгейдегі университетті, зияткерлік мектептерді ашты, «Болашақ» бағдарламасын жүзеге асырды, - деп атап өтті өз сөзінде Мемлекеттік хатшы.

Отырыс барысында «Болашақ» президенттік бағдарламасы аясында маңызды міндет – халықаралық деңгейдегі мамандардың алғашқы толқынын даярлау табысты орындалғаны атап өтілді.

- Бүгінде Мемлекет басшысының отандық білім деңгейі мен сапасын арттыру жөніндегі дәйекті саясатының арқасында, әсіресе «Назарбаев Университетінің» ашылуы арқылы, «Болашақ» бағдарламасы үздік шетелдік жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарында магистрлер мен PhD докторларын мақсатты даярлауға жұмылдырылған. Уақыттың талабына, бірінші кезекте «Қазақстан-2050» Стратегиясынан туындайтын міндеттерге сәйкес отандық білім мен ғылым жүйесінде реформалар жүргізуді тығыз байланыстыру қажет. Алға қойылған жалпыұлттық мақсатқа – жоғары білімді ұлт болуға мүлтіксіз қол жеткізу маңызды, - деді М.Құл-Мұхаммед.          

Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов 2012 жылға арналған «Болашақ» халықаралық бағдарламасын іске асырылуы жөніндегі жұмыстың қорытындысы туралы хабардар етті. Б.Жұмағұлов Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясындағы, сондай-ақ білім мен денсаулық сақтау салаларындағы маңызды жобаларды іске асыру үшін қажетті мемлекеттік қызметшілерді, ғылыми-педагогикалық, инженерлік және медициналық мамандарды мақсатты даярлау Жоспарының бірінші кезеңінің орындалуы туралы айтты.

Отырыста 704 «Болашақ» стипендиясын беру туралы шешім қабылданды. 315 адам - магистратураға, екеуі - докторантураға және 384-і тағлымдамадан өтуге жіберілді. Биыл барлығы 1186 адам халықаралық президенттік стипендияның иегері атанды.

Құжат тапсырғандардың ішінде басым көпшілігі - 159 адам Ұлыбританияда оқуды қалаған, одан кейінгі орындарда – АҚШ (91), Ресей (34), Германия (9). Қалған стипендиаттар Франция, Италия, Австралия, Қытай, Нидерланды, Норвегия, Чехия, Канада, Словакия, Австрия, Швейцария тәрізді елдерді таңдаған.         


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің