National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының жүзім алқабында болды

2013 жылғы 19 қыркүйек

Қазақстан Президенті «Caspian Foods» ЖШС жаңа кәсіпорнының қызметімен, сондай-ақ өңірде жүзім шаруашылығы мен шарап жасау ісін дамытудың келешегімен танысты.

Мемлекет басшысы бұдан бірнеше жыл бұрын Францияның жүзім шығаратын зауытын аралау кезінде Қазақстанда таңдаулы шарап шығару ісін дамытуда осы тәжірибені пайдалану жөнінде міндет жүктегенін атап өтті.

– Мен бос жатқан жерлерді игеріп, жүзімдіктер отырғызу туралы тапсырма бердім. Биыл олар алғашқы өнімін беруде. Бұл жерде жиын-терін комбайнмен жүзеге асырылады, сондықтан қол еңбегін пайдаланудың қажеті жоқ. Жобалық қуаты жылына 2 млн. литр деңгейінде зауыт салынды. Оның базасында бүгінде үздік еуропалық стандарттарға сай келетін шарап өндіруіміз мүмкін. Бұл кәсіпорын Қазақстанның барлық шарап өндірушілері үшін үлгі болмақ, – деді Қазақстан Президенті.   

Нұрсұлтан Назарбаев елдің оңтүстігінде жаңа сала – қазіргі заманғы жоғары сапалы шарап өндірісі құрылып жатқанын айтты.

– Бүгінде біз алға қойған басым міндеттердің бірі – әр өңірдің әлеуетін ашу. Астық егумен солтүстік өңірлер айналысады, олар соған маманданған, қандай жағдайда болмасын сапалы егін болады. Шығыста алтын мен күміс, орталықта мыс, батыста мұнай өндіріледі. Оңтүстік облыстар бүкіл елді көкөніспен қамтамасыз етіп, өнімдерін шетелге де экспорттайды. Бұған қоса, оңтүстік өңірде жүзім шаруашылығы дамып жатқандықтан, біз енді шарап өнімдерін шығарумен де барынша белсене айналыса аламыз, – деді Мемлекет басшысы.

Кәсіпорынның жалпы аумағы – 600 гектар, соның ішінде 320 гектарын жүзімдік алып жатыр, ал шарап зауытының аумағы – 8000 шаршы метр. Зауытта ақ және қызыл түсті шараптарды ашыту және сақтауға арналған 172 ыдыс, құю цехы, еменнен жасалған бөшкелерде шарап сақтайтын жертөлелер, сондай-ақ шарап өнімдерінің сапасына үздіксіз бақылауды жүзеге асыратын зертхана бар.

Зауыттың қуаты маусымына – 3000 тонна, оның базалық сиымдылығы бір мезгілде 3000 000 литр шарап өнімдерін сақтауға мүмкіндік береді.

Көшеттер Францияның Бордо провинциясынан әкелінеді. Кәсіпорынның алқабында Каберне Совиньон (Cabernet Sauvignon), Шардоне (Chardonnay), Мускат Оттонель (Muscat Ottonel), Вионье (Viognier) және басқа да шарап сорттары өсіріледі.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің