Нұрсұлтан Назарбаев әңгіме барысында А.Айымбетовтің алдағы ғарышқа сапары отандық ғарыш саласының одан әрі дамуына серпін беретін және Қазақстанның халықаралық аренадағы имиджін нығайтуға қызмет ететін айшықты оқиға екенін атап өтті. А.Айымбетов сенім білдіргені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты және ұшуға дайын екенін мәлімдеді. Соңында Қазақстан Президенті ғарышкердің Халықаралық ғарыш стансасына экспедициясы табысты болуына және оның алдына қойылған барлық міндеттің орындалуына тілектестігін білдірді.