Жеделхатта Ресей Федерациясының Коми Республикасындағы «Северная» шахтасында орын алған жарылыс салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы қайғылы хабарды Қазақстан Президентінің зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған. Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтып, қайғыға ортақтастығын білдірді.