National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Нұрлан Нығматулин орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары институтын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

2014 жылғы 05 маусым

 

Президент Әкімшілігі басшылығы және министрліктер мен агенттіктердің жауапты хатшылары қатысқан Ақордадағы кездесу барысында мемлекеттік органдардың Мемлекет басшысы актілері мен тапсырмаларын орындау, мемлекеттік қызмет көрсету, бюджет қаражатын пайдалану, сондай-ақ стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді атқару саласындағы жұмысында кездесетін негізгі проблемалар талқыланды.      

Бұдан бөлек, орталық атқарушы органдардың ағымдағы жұмысының түрлі мәселелерін талқылау және шешу мақсатымен Президент Әкімшілігі Басшысының жауапты хатшылармен апта сайынғы кездесуін өткізу тәжірибесін енгізу жөнінде шешім қабылданды.

Кеңес қорытындысы бойынша жауапты хатшыларға мемлекеттік аппараттың тұрақты және тиімді жұмысын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің