Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мыналар:
Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары;
Бердібек Машбекұлы Сапарбаев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;
Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;
Берік Мәжитұлы Имашев – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;
Аслан Бәкенұлы Сәрінжіпов – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;
Тамара Босымбекқызы Дүйсенова – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі;
Әсет Өрентайұлы Исекешев – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі;
Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;
Арыстанбек Мұхамедиұлы – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;
Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;
Ерболат Асқарбекұлы Досаев – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;
Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;
Жанар Сейдахметқызы Айтжанова – Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрі;
Владимир Сергеевич Школьник – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2015 жылғы 30 сәуір
№ 5