National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Алғыс айту күніне арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының форумына қатысты

2017 жылғы 01 наурыз

Форум жұмысына Парламент Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдар басшылары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени және жастар бірлестіктерінің, аналар кеңесінің, қоғамдық келісім кеңесінің, ғылыми-шығармашылық зиялы қауымның өкілдері, халықтың дәстүрлі қолөнер шеберлері, меценаттар, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.

Форумды ашқан Г.Әбдіқалықова Алғыс айту күнін мерекелеуге байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа арнаған құттықтауын оқып берді.

Мемлекет басшысының құттықтауында: «Алғыс айту күні – бұл біздің мемлекеттік және қоғамдық күнтізбемізде жақында ғана пайда болған ерекше күн. Алғыс айту күнін атап өте отырып, бір жағынан біз халқымыздың рухани қаһармандығына құрмет көрсетіп, өткенге көз жүгіртеміз. Ал екінші жағынан, адамгершіліктің айнымас негіздері арқылы жол тартылған болашаққа зор сеніммен қараймыз. Мен тәуелсіз елімізді бірлесіп құрып жатқан Қазақстан халқына ынтымағы мен ерік-жігері үшін алғыс айтамын», – делінген.

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Е.Тоғжанов, «Алеф» еврей мәдени-ағарту қоғамының жетекшісі М.Гольдберг, Қазақстан корейлері қауымдастығының өкілі А.Югай өзара түсіністік пен қолдау еліміздің рухани қағидатына айналғанын айтты.

Форумға қатысушылар Қазақстанның декоративті-қолданбалы өнер шеберлері киізден жасаған бұйымдардың «Жан жылуы» атты экспозициялық көрмесін тамашалады.

Іс-шара соңында Ассамблеяның жаңа мүшелеріне Қазақстан халқы Ассамблеясы куәліктерін салтанатты табыс ету рәсімі өтті, сондай-ақ халыққа және ел Президентіне алғыс білдірген үндеу қабылданды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің