National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының төрайымы Кристин Муттоненмен және осы ұйымның Бас хатшысы Роберто Монтелламен кездесті

2017 жылғы 24 тамыз

Гүлшара Әбдіқалықова кездесу барысында биыл еліміздің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше болғанына 25 жыл толып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ, Парламенттік Ассамблея басшылығының 62-ші Пагуош конференциясына қатысуы бұл ұйымның Қазақстан жетекші орынның бірін алып отырған ядролық қарусыздану мәселелеріне зор мән беретінін көрсететінін айтты.

Мемлекеттік хатшы осы жыл Қазақстанның стратегиялық дамуының бетбұрысты кезеңі екеніне назар аударды. Елбасы қаңтарда бірқатар президенттік өкілеттіктерді Парламент пен Үкіметке беру арқылы билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу бастамасын көтерді. Конституциялық реформа жарияланғаннан кейін Мемлекет басшысы халыққа «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жыл сайынғы жолдауын арнады. Қазақстан Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы үшінші негізгі бастама болды.

Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекет басшысының қолдауы арқасында Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия билік, азаматтық қоғам және халықаралық ұйымдар арасындағы диалогқа арналған тиімді платформаға айналғанын айтты. Гендерлік саясат «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы», «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңдармен реттеледі. Былтыр Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы сәтті іске асырылып, Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы бекітілді.

Мемлекеттік хатшы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясына мүше елдердің назарын терроризммен күрестің өзекті мәселелеріне аудару үшін осы ұйым жанынан арнаулы комитет құру туралы К.Муттоненнің бастамасын Қазақстанның қолдайтынын атап өтті.

Сондай-ақ, Гүлшара Әбдіқалықова «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі аясында 31 тамыз – 1 қыркүйек аралығында «Әйелдер болашақтың энергиясын қолдайды» атты халықаралық форум өтетінін айтты. Көрме аяқталған соң онда Халықаралық жасыл технологияларды және инвестициялық жобаларды дамыту орталығы ашылатын болады. Мемлекеттік хатшы бұл орталықтың қалыптасуы мен дамуына Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы өз үлесін қосатынына сенім білдірді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің